• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Шілде, 2022

Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты

384 рет
көрсетілді

Әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныс едәуір артты, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Соңғы 3 жылда астық эквивалентіндегі ұн мен астық экспортының орташа жылдық көлемі шамамен 9 млн тоннаны құрады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның деректеріне қарағанда, 10 шілдедегі жағдай бойынша астық эквивалентінде 4,9 млн тонна астық пен ұн экспортын құрады. Атап айтқанда, Ресей мен Украинадағы геосаяси жағдайға байланысты әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныстың артуы бұл өнімге деген экспорттың өсуіне ықпал етті», делінген ведомство ақпаратында.

Министрліктің мәліметінше, енгізілген шектеуге және былтырғы құрғақшылыққа қатысты егін өнімділігінің төмендеуіне қарамастан, дәстүрлі түрде өнім өткізілетін нарықтарда бидай мен ұн экспортының қарқыны сақталады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан астық экспорты бойынша Еуроодақ елдерінің жаңа нарықтарына шығу жолдарын пысықтап жатыр.

Еске сала кетсек, елден бидай мен бидай ұнын сыртқа әкетуге шектеулер енгізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болуы мүмкін. Маусым айында министрлік Қазақстандағы бидай қоры жаңа егінге дейін жеткілікті екенін жариялады.