Жақында астанада CHILDREN PARALYMPIC GAMES инклюзивті спорт фестивалі және паралимпиадалық спорт түрі боччадан ел чемпионаты өтті. Жарысты алты жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар құрған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ бірнеше жылдан бері бүкіл ел бойынша «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Оның аясында ерекше балаларға арналған бейімделген спорт секциялары ашылды.
Кез келген спорттағы сияқты жарыстар – жаттығу процесінің маңызды кезеңі. Спорт фестивалінің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды тұрақты физикалық белсенділігіне және спортпен шұғылдануға ынталандыруды арттыру және бұқаралық спорт бөлігінде ерекше адамдардың мәселелеріне жұртшылық пен биліктің назарын аудару.
15 қаладан «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы секцияларының тәрбиеленушілері – бочча, голбол, бейімделген шығыс жекпе-жегі (каратэ, таэквондо, дзюдо), бейімделген футбол, инклюзивті хореография, бейімделген жүзу, бейімделген жеңіл атлетика, футбол (7*7) сияқты спорт пәндеріне қатысу үшін мүгедек балалар мен жастар келді.
Ерекше балалармен қатар фестиваль аясында жүзу жарыстарына нормотиптік балалар да қатысты. Ең көп өңірлік команда Павлодар облысынан келді.
Спорт түрлері бойынша спорт алаңдарының әрқайсысында спортшылар диагноз бойынша жіктемеге сәйкес және «тең мүмкіндіктер» қағидаты бойынша басқа өңірлерден келген қарсыластармен жарысты.
Фестивальмен қатар Қазақстанның мүмкіндігі шектеулілер спорты тарихында тұңғыш рет паралимпиадалық спорт түрі боччадан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған тірек-қимыл аппараты ауыр зақымданған балалар мен жастар қатысты. Чемпионаттың мақсаты – әлемдік арена Паралимпиада ойындарына одан әрі көтерілу үшін үздік боччистерді анықтау. Жалпы, спорттан жоғары жетістіктер спортына дейін жету мүмкіндігі шектеулі барлық спортшының арманы.
Фестивальға 273 қатысушы, ал боччадан ел чемпионатына 47 қатысушы қатысты. Адаптивті таэквондо бойынша жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан, адаптивті каратэ бойынша – Нұр-Сұлтан, адаптивті дзюдо бойынша – Шымкент, бочча бойынша – Атырау және Павлодар облысы, адаптивті жүзу бойынша – Қарағанды және Ақтөбе, орталық футбол бойынша – Алматы, адаптивті футбол және жеңіл атлетика бойынша Ақтөбе көш бастады.
Адаптивті каратэден екінші орын алған Жақсыбек Ильястың әкесі ұлының жетістігіне қуанып, осындай жағдай жасап отырған азаматтарға алғысын білдірді. Оның айтуынша, Ж.Ильяс «церебралды сал ауруы, оң жақты гемипарез, орташа дәрежесі» диагнозымен бала кезінен медициналық тіркеуде тұрады екен. Ал адаптивті каратэ секциясына қатысып жүргеніне 6 жылдан асыпты. Осы спорт арқасында баланың когнитивті, моторлық және бұлшық ет дағдыларын дамыту үздіксіз жүріп жатыр екен.
«Ұяңдау ұлым басқа балалармен оңай араласатын болды, қатарластарымен тез тіл табысады. Оның бәрі ұлыммен жоғары білікті мамандар жұмыс істегенінің жемісі деп білемін. Бұл – біздің бірінші жарысымыз емес. Ұлым осыған дейін Мәскеуде өткен адаптивті каратэ бойынша, республикалық, қалалық дәрежеде өткен жарыстардан жүлделі орын алып келеді. Әрбір жарыстан соң алған әсері ерекше және бір орнында тұрмай спорттық дағдыларын дамыту үстінде. Әр жарыстан соң жаңа белестерді бағындыруға деген сенімі мен құлшынысы жоғарылап келеді», деді жүлдегердің әкесі.