• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

ӨРІСІ КЕҢ АТОМ ӨНЕРКӘСІБІ

1124 рет
көрсетілді

“KAZATOMEXPO-2010” көрмесі осыны көрсетті Астанадағы “Көрме” көрме орталығында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің атом саласындағы негізгі шара 1-ші қазақстандық халықарарлық “Атом энергетикасы және өнеркәсіп” – “Kazatomexpо-2010” форумы өтті. Аталған тақырып аясындағы шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Форум көрме мен конференция­ның басын біріктіріп өткізіліп отыр. Көрмеге атом саласының жетекші кәсіпорындары қатысса, конференция – атом өнеркәсібінің, энергетикамен шектес салалардың мамандарының кездесетін орны болып табылуда. “Kazatomexpo-2010” форумының негізгі шарасы атом энергетикасы мен өнеркәсіптегі әлемдегі ең соңғы әзірленімдермен таныстыратын көрме болып табылады. “Қазатомпром” ҰАК және “Росатом” МАЭК секілді атом саласының алыптарымен қатар, көрмеге жетекші Қазақстан, ресейлік және шетелдік атом энергетикасы мен өнеркәсіп компаниялары және олардың серіктестері – жабдық, тауарлар мен қызметтер жеткізуші кәсіпорындар қатысты. Экспозиция Германия, Қазақстан, Ресей, Өз­бекстан, Украинаның 40 компа­ниясын қамтуда. Көрмеге қатысу­шылардың негізгі қатарын отандық компаниялар құрайды (экспонат­тардың жалпы санынан 50 %). “Kazatomexpo-2010” көрмесінде ресейлік кәсіпорындар ауқымды қамтылған (33 %). “Kazatomexpo-2010” экспозиция­сының негізгі бағыттарының ара­сында атом энергетикасының минералдық шикізат ресурстарын, АЭС құжаттамасын әзірлеуді, тұрғызу, іске пайдалану мен жабдықтауды, радиоактивті жүктерді қаптау, тасымалдау, ілесу мен көмуді, радиациялық қауіпсіздікті, атом өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметкерлер құрамына білім беру мен біліктілігін арттыруды, атом саласындағы ғылыми-зерттеушілік жұмысты, инвестициялық мүм­кіншіліктер мен жобаларды атап айтуға болады. “Қазақстан экономикасының орнықты өсуі, атом саласының сер­пінді әрі қарқынды дамуы, сондай-ақ инвесторлардың аймаққа деген қызығушылығы “Атом энергетикасы және өнеркәсіп” тақырыбы бойынша халықаралық деңгейдегі жаңа жобаны – “Kazatomexpо-2010” форумын құруға мүмкіндік берді, – дейді жо­баның менеджері Гүлзана Ахметова, – Біз өз шарамыздың еліміз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, “Қазатомпром” ҰАК” АҚ, “KEGOC” АҚ және Қазақстан электр энергетикасы қауымдасты-ғының қолдауымен өтетініне өте қуаныштымыз. Мәселен, Астана Қазақстанның елордасы ретінде тұңғыш рет атом энергетикасы мен мәшине жасау саласындағы көшбасшы компаниялар мен жетекші сарапшыларды қабылдады”. Конференцияда атом энергетика-сының бүгінгі таңдағы даму мә­селелері: стансалардың қауіпсіздігі, АЭС жаңарту радиациялық жағдайды бақылау, радиоактивті қалдықтарды жарату, уран өндіру және қайта өңдеу мәселелері талқыланды. Қазақстанда АЭС құ­рылысына байланысты мәселелерге, оның ішінде елдің энергетикалық қауіпсіздігіне, Қа­зақстанның энер­гетика жүйесіне АЭС енгізудің техникалық-эко­номикалық негіз­демесіне, АЭС жобасы мен құрылыс алаңшасын таңдауға ерекше назар аударылмақ. Қазақстанның уран қоры жағынан әлемде екінші орын алатыны белгілі. Әлемде барланған уран қорының шамамен 19% тап біздің елімізде шоғырланған. Өткен жылы Қазақстан 14 мың тоннадан астам уран өндіріп, әлемде уран өндіру бойынша бірінші орынға шықты. Қазақстан Рес-публикасын 2010-2014 жылдарғы индустриялық дамытудың мем­лекеттік бағдарламасында атом өнеркәсібін дамыту шеңберінде толық интеграцияланған ядролық отын циклының кешенін құру көзделген. Ол үшін ядролық отын циклының жетіспейтін барлық буындарын – конверсия және уранды байыту, жылу бөліп шығаратын жиналымдар өндірі­сін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, АСТАНА. Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары Қазақстан Республикасының Үкіметі          www.government.kz Ішкі істер министрлігі       www.mvd.kz Қорғаныс министрлігі      www.mod.kz Қоршаған ортаны қорғау министрлігі         www.eco.gov.kz Білім және ғылым министрлігі       www.edu.gov.kz Сыртқы істер министрлігі               www.mfa.kz Денсаулық сақтау министрлігі      www.mz.gov.kz Көлік және коммуникация министрлігі      www.mtk.gov.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі               www.enbek.gov.kz Қаржы министрлігі           www.mіnfіn.kz Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі              www.mіnplan.kz Әділет министрлігі             www.mіnjust.kz Төтенше жағдайлар министрлігі   www.emer.kz Мәдениет министрлігі      www.sana.gov.kz Байланыс және ақпарат министрлігі                                                           www.bam.gov.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі                www.mіnagrі.kz Экономикалық даму және              www.mіnplan.kz  сауда министрлігі - Туризм және спорт министрлігі    www.mts.gov.kz Мұнай және газ министрлігі          www.memr.gov.kz Статистика агенттігі                            www.stat.kz Жер ресурстарын басқару  агенттігі                                        www.auzr.kz