• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Шілде, 2022

Күзде елімізде дизель отынының тапшылығы болуы мүмкін - Президент

465 рет
көрсетілді

Отандық мұнай өнімдерін жақын орналасқан мемлекеттерге экспорттаудың бірнеше жылдар бойы ұйымдастырылған, реттелген схемалары бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сарапшылардың бағалауынша, күзде елімізде дизель отыны тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл жағдай жылдан жылға, әр уақытта егін жинау кезінде қалыптасады. Бірақ мәселе біршама тереңірек - отандық мұнай өнімдерін жақын орналасқан мемлекеттерге экспорттаудың бірнеше жылдар бойы ұйымдастырылған, реттелген схемалары бар. ҚМА бұл мәселені шешуі керек. Маған нақты кім айналысатыны туралы ақпарат беріңіз. Содан кейін біз түпкілікті шешім қабылдаймыз. Сондай-ақ Үкіметке, бәсекелестікті қорғау агенттігіне транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша мұнай өнімдерінің сараланған бағаларын тұжырымдауды тапсырамын», деді Президент.