13 шілде сағат 14:30 шамасында Жаңажол кенті мен Мұғалжар ауданының Северная труба кен орны арасында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі өндірістік аумақта Жаңажол кенті бағытында қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Кеңқияқ кентінің ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ осы көліктің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.