• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2022

Алматы маңында жер сілкінді

267 рет
көрсетілді

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 422 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды  Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 14 шілде күні 16 сағат 4 минут 37 секундта жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 422 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. MPV магнитудасы – 4,2. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 39.58° с.е. 75.39° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», делінген хабарламада.