• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 15 Шілде, 2022

Таразда пара алған шенеунік сотталды

276 рет
көрсетілді

Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ержан Шымырқұлов бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағлан Абдухаликов пен Ақмарал Баймұханова пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ Марат Байжанов пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында Шымырқұлов Байжановтан және Абдухаликов пен Баймұхановадан салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауға ықпал еткені үшін 90 000 теңге және 1 250 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.