Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Індеттің ең көп таралуы еліміздің ең ірі мегаполистерінде, яғни Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалып отыр», деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, соңғы аптада ауырған адамдардың 70 пайызы Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-ы) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында тіркелді.
«Індеттің таралуы жағдайларының өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен», деді министр.
Биылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша республикада стационарлық көмек 139 жұқпалы аурулар ауруханасында көрсетіліп жатыр. Оларда науқастарды қамту үшін 3282 орын жасақталған. Қазіргі кезде осы ауруханаларда 570 науқас емдеуге жатқызылды.