Түркияда туристер отырған микроавтобустың жол апатынан кем дегенде 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, оқиға Тунджели - Эрзинджан автожолының 44-ші шақырымында болған. Қара теңіз жағалауынан елдің шығыс бөлігіндегі Малатия қаласына бара жатқан туристік автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан көлік құлаған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадалары жарақат алған жолаушыларды ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.