• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Шілде, 2022

Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты

118 рет
көрсетілді

Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен шеберлік байқасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Бебіт елордадағы доданың финалында өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдені сарапқа салады.Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саарға есе жіберді - 6:7, 3:6. 

Соңғы жаңалықтар