• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Шілде, 2022

Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды

2100 рет
көрсетілді

Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 шілде күні 17 сағат 30 минут 48 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде қазақ-қытай шекарасында орналасқан.

Магнитудасы: 4,7

Тереңдігі: 5 км.

Жер сілкінісінің 2 балдық дүмпулерін ШҚО-ның Зайсан қаласының және Күршім ауылының тұрғындары сезінген.