Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған сербиялық Александра Круничпен кездесті.
Сербиялық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Крунич 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Сербиялық теннисші финалда әлемнің 53-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарь немесе рейтингте 130-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Өткен жылы осы додада Ю.Путинцева чемпион атанған болатын. Биыл жартылай финалдан аса алмай, рейтингілік ұпайларын жоғалтты.