Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша ерлер арасында M25 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемнің 408-ракеткасы, осы жарыстың 5-ракеткасы, өзбекстандық Сергей Фомин дүниежүзілік рейтингіде 473-сатыда тұрған қазақстандық Бейбіт Жукаевпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Б.Жукаев есе қайырды - 6:2. Дегенмен үшінші, шешуші партияда өзбекстандық спортшы жеңіп кетті - 6:4.