Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресейлік «Red Wings» әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.
Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады.
Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады. Билеттер әуе компаниясының ресми сайтында сатылады. Авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.