• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 18 Шілде, 2022

Шымкентте пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

265 рет
көрсетілді

Шымкентте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Құрбанқожаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.«

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, Құрбанқожаевқа 27 миллион теңге айыппұл салынған.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «Кәусар клиникасы» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев және Нышанбаев бірдей үкіммен 2 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Құрбанқожаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығымен «Низам Ата» ЖШС және «Кәусар клиникасы» медициналық орталығының басшылығынан медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру үшін 800 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған.

Тұрманов Нышанбаевтың делдалдылығымен бірқатар тұлғадан клиникалық тәжірибеге жіберуге маман сертификатын беру үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.