• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 18 Шілде, 2022

Мемлекеттік басқару академиясы мен «Egemen Qazaqstan» меморандумға қол қойды

507 рет
көрсетілді

Бүгін 18 шілде күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мен «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» ЖШС Бас директоры Дархан Қыдырәлі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Меморандум мақсаты - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бастамасымен мемлекеттік қызметшілерді оқыту және біліктілігін арттыру бағытындағы Академияның қызметіне медиа алаңда ақпараттық қолдау көрсету және мемлекеттік қызметшілермен БАҚ-пен жұмыс саласында тренингтер, мастер-кластар өткізу.

Меморандум аясында тараптар арасында медиа саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және қолдау білдіру жұмыстары жүзеге асырылады.

«Бүгінгі қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум алдағы бірлескен үлкен жұмыстардың басы болып, екі тарап та тәжірибелерімен бөліседі деп ойлаймын», деді Дархан Қыдырәлі іс-шара барысында.

Аталған меморандумды іске асыру бойынша Академия тарапынан халықаралық қатынастар, экономика және басқа да маңызды салалар бойынша сарапшылар пулы жасақталып, еліміздің бас баслымымен бірлескен медиа жобалар ашылатын болады.

Сонымен қатар алда келе жатқан жаңа оқу жылынан бастап Дархан Қыдырәлі Академия тыңдаушыларына өзінің авторлық курстарын ұсынады деп жоспарланып отыр.