• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 18 Шілде, 2022

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

404 рет
көрсетілді

Қазақстанның ұлттық құрама командасы Физикадан халықаралық олимпиадада 1 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас физиктері қатарынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 5 оқушы аттанса, соның ішінде «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Ризабек Алпамыс күміс медальға ие болды.   «Барлық жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға олимпиаданың өту кезінде көрсеткен қамқорлықтары үшін зор алғысымды білдіремін. Ең бастысы, елімнің, маған сенген жандардың үміті ақталды», деді IPhO-ның екі дүркін күміс жүлдегері Ризабек Алпамыс.   Әлемнің 75 елінен 368 оқушы қатысқан зияткерлік жарыс 10-17 шілде аралығында қашықтықтан өтті. Ұйымдастырушы ел - Швейцария.    Қазақстан намысын қоғауға аттанған құрама командасы 5 оқушыдан тұрды. IPhO қатысушылары өз білімдері мен дағдыларын екі турда көрсетті. Біріншісі орта мектепте оқытылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық мәселелерді шешуге арналса, екіншісі – эксперименттік турда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындады. Қорытындылар жеке есепте шығарылды.   Сондай-ақ, математика пәні бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы математикадан халықаралық ІМО-2022 олимпиадасына қатысу үшін Норвегия астанасы – Ослоға аттанған еді.   Білім байқауында Атырау қаласынан сайыста бақ сынаған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділет Зауытхан қолаға ие болды.      Жарысқа әлемнің 104 мемлекетінен 589 оқушы қатысты. Жарыста Қазақстанның намысын 6 оқушы қорғады.   Бұған дейін Әділет жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада математика пәнінен алтын медальді жеңіп алды. Ол сондай-ақ Халықаралық Тынық Мұхит олимпиадасының, «Жібек Жолы» Халықаралық олимпиадасының, Халықаралық математикадан Балқан олимпиадасының күміс жүлдегері атанып үлгерді.   Халықаралық математикалық олимпиада – бұл 1959 жылдан бастап жыл сайын жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін алғашқы халықаралық пәндік олимпиадаларының бірі. Қазақстан оған 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Олимпиада қатысушылары математиканың геометрия, алгебра, сандар теориясы, комбинаторика сияқты бөлімдері бойынша күрделі 6 есепті шығаруы тиіс.