Ұлттық статистика бюросының деректеріне қапағанда, Қазақстан бойынша Жетісу облысының орталығы Қонаев қаласында азық-түлік бағасы ең қымбат, деп хабарлайды Egemen.kz.
Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары ең қымбат өңір – Қонаев қаласы. Онда нан 314 теңге тұрады.
Ал нан республика бойынша астықты аймақ Қостанай қаласында ең арзан. Онда нан бағасы - 152 теңге.
Қонаев қаласында күнбағыс майының бағасы да қымбат болып шықты. Литрі – 954 теңге. Ал ең арзан күнбағыс майы Семейде сатыладв. Онда күнбағыс майның бір литрі – 725 теңгені құрайды.
Басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысының орталығында картоп (келісі 186 теңге) пен қырыққабат (келісі 89 теңге) қана арзан.
Сиыр еті (келісі 2369 теңге), күріш (келісі 375 теңге), пияз (келісі 311 теңге) және жұмыртқа (10 данасы 460 теңге) сияқты азық-түлік тауарлары да қымбат.
Басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің 3 қаласында азық-түлік құны едәуір арзан. Олар - Петропавл, Қарағанды және Қостанай қалалары.
Аталған қалаларда азық-түлік бағасы өзге өңірлерге қарағанда 95-210 теңгеге арзанырақ.
Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,6 пайызға өскен.