• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Бұл – Қазақстан табыстарының мойындалуы

253 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде инфра­құры­лым­дарды дамыту, еліміздегі қаржы-банк секторын одан әрі реформа­лау, шағын және орта бизнес кә­сіпорындарына қажетті қолдау көр­сету мәселелерін қамтыған ын­ты­мақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, тараптар әлемдік қар­жы жүйесін одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Қазақстан Президенті Азия Даму банкі басқарушылар кеңе­сінің алдағы 47-ші отырысының Ас­танада өтетініне ризашылық білдірді. – 2014 жылы Кеңеске төра­ғалық ету – біз үшін құрмет. Қа­тысушылар құрамында аса көр­некті адамдар болады. Біз мұ­ны тәуелсіздік жылдарындағы Қа­зақстанның табыстарын банктің мойындауы деп білеміз. Биыл еліміз бен Азия Даму банкі ара­сын­дағы ынтымақтастыққа 20 жыл толады. «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын жүзеге асыра бастаған бүгінгі кезеңде біз сіздердің банктеріңізбен өзара іс-қимылдың жаңа беттерін ашқымыз келеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қос та­раптың ынтымақтастығы мем­лекетіміздің мүддесіне толық сай келетінін және еліміздің экономикасын әртараптандыру үдерісіне банктің көрсеткен қолдауын Қа­зақстан жоғары бағалайтынын атап өтті. Азия Даму банкінің басшысы өз кезегінде Астанада форум өткізу туралы шешім үшін алғы­сын білдіріп, оған Азияның бар­лық түкпірінен 3000-нан астам деле­гаттың қатысуы күтіліп отырғанын айтты. Т.Накао, сондай-ақ, АДБ Қа­зақ­станда өз жұмысын бастағаннан бері жалпы сомасы 3,5 млрд.доллар қаржылай көмек көрсеткенін атап өтті. Азия Даму банкінің президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын энергетика, индустрияландыру, қаржы секторын дамыту, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік сияқты салалар бойынша жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.