• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Шілде, 2022

Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады

383 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алынған алдын ала есептік деректерге сәйкес, республиканың солтүстік жартысында 2022 жылғы жаздық бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәнге жуық болады деп күтіліп отыр.

Мына өңірлерде астық шығымы орташа көпжылдық мәнге жуық және одан жоғары болады: Қостанай облысының Денисов, Қамысты, Қарабалық және Федоров аудандары; Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандары; Ақмола облысы Сандықтау ауданы.

Орташа көп жылдық мәндерге жуық: Павлодар және Қарағанды облыстарында.

Мына өңірлерде нормадан жоғары: Алтайда, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы; Ақтөбе облысында, Мұғалжар ауданын қоспағанда; Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек және Сырым аудандарын қоспағанда.

Өнімділіктің соңғы болжамы тамыз айының басында нақтыланады.