• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Табыстарымыз ынтымақтың арқасы

276 рет
көрсетілді

Астана қаласына барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына қатысып келдім. Елбасының сарабдал саясатына бір мен емес, Қазақстанда тұратын 130-дан астам этнос өкілдерінің дән разы болғанын өз көзіммен көріп, ерекше бір қуат алып һәм мақтаныш сезімімен елге оралдым. Сол сезімді, ілтипатты көрген туыстарым өте разы. Негізі Талдықорған өңірінде екі мыңнан астам күрдтер тұрамыз. Ел заңнамасына сай еңбек етіп, құқығымыз тең қорғалуда. Еш­кім­нен қағажу көргеміз жоқ. Біле-білсек, бұл – татулықты тірек етіп, Қазақстан Рес­публикасының Көк байрағының астында ын­тымақты сақтай білгендіктің жемісі. Тағы бір баса айтар жайт – Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөлгендіктен осыған дейін облыстарда бөлім болып, мә­дениет басқармасы құрамында жұмыс істеген облыстық филиалдары, яғни Достық үйінде бас қосатын этнос өкілдерінің ұжымдары енді жеке басқармаға айналып, қайта құрылатын болды. Сөйтіп, құзыры кеңейіп, мәртебесі көтерілген жаңа басқарма жұмысы тың серпін алатыны анық. Достық үйлерінің сән-салтанаты бұрынғыдан да асатыны тағы анық. Шыны керек, осыған дейін де этностарға қатысты мәселелердің оң шешім тауып келгені өңір басшысының мемлекеттік саясатқа сай бізді қолдап жүргендігінің жемісі ғой. Сондықтан өз қандастарымның атынан айтарым тек алғыс. Дархан жүректі, көңілі даласындай кең қазақ жерінен пана тауып, еңбек етіп, ұрпақ өсіріп өркендеп отырғанымыз ынтымақтың арқасы. Сол ынтымақтың ұйытқысы болу басты парызымыз, тіпті, міндетіміз деп санаймын. Бұл ойымды Жетісу жеріне тағдырдың жазуымен келіп, өсіп-өніп отырған барлық этнос өкілдері қолдары хақ. Олай дейтінім, күнделікті тірлікте араласып жүрген жандар көзқарастары осындай. Али МОМУЧОҒЛЫ, «Барбанг» күрдтер ассоциациясы аумақтық филиалының төрағасы. ТАЛДЫҚОРҒАН.