• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Шілде, 2022

Қытайда жер сілкінді

350 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласының маңында 4,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:33-те тіркелген. Зілзала ошағы Қытайдың Шыңжаңдағы Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданындағы Чанцзи қаласында орналасқан.

Жер сілкінісінің қуаты 4,8 балды құраған. Тереңдігі – 23 км.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет әзірге жоқ.

Қазіргі Чанцзи қаласында 500 мыңнан астам адам тұрады. Ал жер сілкінісі ошағынан 40 шақырым жерде орналасқан Үрімжі қаласының 4 миллионнан астам тұрғыны бар.