• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Парламент

311 рет
көрсетілді

Сенаторлар сайлаушылар ортасында

Елбасы бастамалары мен елдік міндеттерді түсіндіріп жүр Парламент Сенатының депутаттары Хусаин Валиев, Анатолий Башмаков және Жеңіс Нұрғалиев Қостанайда «G-Global» идеясын қолдау жөніндегі жұртшылықтың жиналысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Шараға мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық этномәдени бірлестіктердің бас­шылары, ардагерлер ұйымда­ры­ның, кәсіподақтардың, үкімет­тік емес ұйымдардың және оқу орындарының өкілдері келді. Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ана­толий Башмаков Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы туралы айта келіп, «жаһандық құ­рылымды қалыптастыруда эко­номикалық, саяси және эколо­гиялық факторлармен ғана шектелуге болмайды. Енді мәдени көз­қарастарды да назарға алатын уақыт келді», – деп атап өтті. Сенаторлар ақпараттық-ком­муникациялық алаңдар  мемлекеттер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы үнқатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта келіп, шараға қатысушыларды «G-Global» коммуникация алаң­дары­ның жұмысына қатысуға ша­қырды. «G-Global» бастамасы – бұл тек аға және орта буын ұрпақ­тарының ісі емес. Бұл баста­ма­ны қолдауға және оны іске асыруға жас ұрпақ та араласуы тиіс. Жарқын болашаққа жету үшін қа­лың көпшілік осы идеямен өмір сүруі тиіс»,  деді сенатор Х.Валиев. Шараға қатысушылар «жа­һандық сәулеттің жаңа қағи­да­ларын ілгерілету идеясына» қолдау білдіріп, G-Global-ды қолдау коалициясын құрды. Сондай-ақ, сенаторлар М.Ду­латов атындағы Қостанай инже­нерлік-экономикалық уни­вер­ситетінде болып, Қазақстан халқы Ас­самблеясы кафедрасының ашылуына қатысты. *** Парламент Сенатының депутаты Жұмабек Төрегелдинов және Людмила Полторабатько Алматы қаласындағы Бостандық және Түрксіб аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауындағы, Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық шаралар жоспарында алға қойылған міндеттерді, сондай-ақ, Қазақстанның  әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасын талқылады. Қазақстан Президентінің ел халқына Жолдауындағы ережелерді жан-жақты талқылаудан кейін Парламенттің заң шығару қызметі туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, «Рұқсаттар және хабарламалар  туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарында көзделген мәселелер белсенді түрде талқыға салынды. Депутаттар құжаттың негізгі мақсаты мен міндеттері туралы түсініктеме берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заң Қазақстанның рұқсат беру жүйесінің бірқатар мәселелерін шешуге бағытталғаны атап өтілді. Кездесу барысында қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарды (зей­нет­керлерді, көпбалалы отбасы­ларды, мүгедектерді) қорғау ұл­ғая түскені, сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау және жетілдіру жайында пікір алмасылды. *** Парламент Сенатының депутаттары Икрам Адырбеков, Ләззат Қиынов және Орынбай Рахманбердиевтің Оңтүстік Қазақстан облысына сапары жалғасуда. Сена­торлар Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Ха­лық­аралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Студенттер алдында сөз алған депутат И.Адырбеков Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіре келіп, маңызды құжатта еліміздің сыртқы және қорғаныс саясатын жаңғыртуды көздейтін шаралар да қамтылғанына тоқталды. Атап айтқанда, ол жаһандық бәсекелестік және аймақтық ық­пал­дастық жағдайындағы интел­лектуалдық әлеуетті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Депутат Л.Қиынов энер­ге­тикалық қауіпсіздік және Қазақ­станның мұнай және газ саласын дамыту мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында студенттер Мемлекет басшысының саясатына қолдау білдіре отырып, «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегия­сын іске асыруға өз үлестерін қосуға ниеттерін жеткізді, сондай-ақ, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Одан басқа, И.Адырбеков пен Л.Қиынов Түркістан қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов және басқа өңір­лердің өкілдері қатысқан «Ырыс алды – ынтымақ» фору­мы­ның салтанатты ашылуына қатысты. *** Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов жұмыс бабындағы сапармен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Сапар барысында депутат облыстың экономика, әлеуметтік және мәдени салаларындағы істің жағдайымен танысып, жұртшы­лықпен, мәслихат депутаттарымен және кәсіпкерлермен кездесті. Сенатор, сондай-ақ, об­лыс­тағы шағын және орта бизнестің бірқатар  кәсіпорындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті және кәсіпорындардың тех­нологиялық үдерістерімен танысты. Қ.Айтаханов одан басқа Түр­кістан қаласында өткен «Ырыс алды – ынтымақ» шара­сына қаты­сып, Қазақстан халқының достығы мен тұтастығы жайында баяндама жасады. Шымкент қаласында азаматтарды қабылдады. *** Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Светлана Жалмағамбетова Ақмола облысындағы Бұланды ауданында бесінші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты. Сессия жұмысына аудан әкімі М.Балпан, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мү­шесі Р.Кәрімов, ауылдық округ­тердің әкімдері, аудандық құры­лым­дардың жетекшілері қатысты. Сенаторларға 2013 жылғы аудан­дық бюджеттің орындалуы туралы баяндалды және 2011-2020 жылдарға арналған мем­ле­кеттік білім беру бағдар­ламасының Бұланды ауданы бойын­ша жүзеге асырылу барысымен таныстырылды. Білім беру саласындағы жаңарулар, ана­ларды қорғау, мемлекеттік әлеу­меттік саясатындағы жаңалықтар мәселелері бойынша аудандық депутаттар алдында сенаторлар С.Жалмағамбетова мен Б.Әйтімова сөз сөйледі. Сондай-ақ, сенаторлар Бұланды ауданындағы екі әлеуметтік маңызды нысанда – қарттарға арналған дәрігерлік-әлеуметтік мекемеде және «Балдырған» балалар бақшасы-мектебінде болды. Депутаттар мекеменің жағдайы мен материалдық-техникалық базасымен танысты. Депутаттар, сондай-ақ, Ақкөл қаласындағы «Республикалық ғарышпен байланыс орталығы» акционерлік қоғамында болды және Ақкөл аудандық мәсли­ха­ты­ның кезектен тыс сессиясына қатысты. Сенатор С.Жалмағамбетова одан басқа Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 25-сессиясына қатысып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысты.