• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2022

Алматы маңында жер сілкінді

149 рет
көрсетілді

Алматыдан 564 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 20 шілде күні 18 сағат 7 минут 25 секундта жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 564 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 41.98° с.е. 83.56° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», делінген ведомство хабарламасында.