• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 21 Шілде, 2022

Алтын медальға – 4,5 млн теңге

508 рет
көрсетілді

Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олим­пиа­да­ларында ел на­мы­сын қор­ғап, жақсы нәти­же көрсетіп жатыр. Газе­ті­міздің өткен нөмір­ле­рінде физика мен математика пәндерінен халық­аралық жарыста топ жар­ған өрендеріміз туралы жазып, сүйіншілеген едік. Міне, енді дарынды дара­боз­­дарымыздың Геогра­­фиядан халық­аралық олим­­­пиададағы жетістігін сү­йін­­шілеудің сәті түсіп тұр.

Олар Географиядан ха­лықаралық олимпиадада (IGeO-2022) 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальды Санжар Хами­тов (Ақтөбе қаласынан), қола жүл­дені Еркебұлан Тазабек (Шымкент қаласынан) салды. Оқу-ағарту министрі Асхат Айма­ғам­бе­тов­тің хабарлауын­ша, бұл – еліміздің беделді олимпиадаға қатысу тарихындағы қазақ­стандықтардың екінші алтын медалі.

«Биыл зияткерлік жарыс­тарды Франция ұйым­дас­тырды. Пәндік олим­пиа­да­лар­ға әлемнің 54 елі­нен 216 оқу­шы қатысты. Бала­ла­ры­мыз­дың математика, физика және енді география пән­де­рінен олимпиадалардағы жо­ға­ры жетістіктері олардың бә­секеге қабілетті екенін көр­сетеді. Оқушыларды жеңі­сімен құттықтаймын! Біз оларды мақтан тұтамыз. Сондай-ақ балаларға сапалы білім беріп жатқан ұстаздарға шексіз ал­ғысымды білдіргім келеді. Да­рынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға да рахмет», деді ведомство басшысы.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл осындай олимпиадалардың жеңімпаздары бұрын-соңды болмаған қолдау шараларының игілігін көреді. Президенттің тапсырмасы бойынша қо­мақ­ты ақшалай сыйақы төлеу және отандық ЖОО-ға ҰБТ тап­сырмай-ақ қабылдау қа­растырылып отыр. Алтын медаль алған оқушыға шамамен 4,5 млн теңге, күміс медальға 3 млн-нан аса теңге, қола медальға 1,5 млн-нан аса теңге көлемінде ақшалай сый­лық беріледі. Оқушыларды жа­рысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.