• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Шілде, 2022

ШҚО-да жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

621 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жылқыларға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 шілдеде сағат 04.20 шамасында Омбы-Майқапшағай тасжолының 484/837 шақырымында болған.

«Жарма ауданында Toyota Crown көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш жылқыны қағып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Төрт жолаушы, оның ішінде 2 әйел, ер адам және бір жасар бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ер адамды ауруханаға жатқызды, қалған зардап шеккендерге көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылды», делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.