Жезқазғанда «КамАЗ» маркалы жүк көлігі көпірден құлап, жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға Жезқазғанның мыс балқыту комбинатына барар жолда орын алған. «КамАЗ» маркалы жүк тасығыш көлік көпірден құлап кеткен.
«20 шілде күні сағат 14.05 шамасында «КамАЗ» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік құралымен көпірден ұшып кетті. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram