• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Шілде, 2022

Tartyl Fest фестивалі

339 рет
көрсетілді

Жүрек күші мен білек күшін сынамаққа оқталған жетісу­лық­­тар Талды­қор­ған­да­ғы «Жас­тар» саябағына жиналды. Елімізде тұңғыш рет ұйым­­дас­­тырылып отырған рес­пуб­ли­калық Tartyl Fest фес­ти­ва­лінің екінші іріктеу кезеңі ерек­ше өтті. Жарысқа 300-ге жуық адам қатысты.

Фестивальдың ашылу салтанатында Жетісу облыстық дене шы­нық­тыру және спорт бас­қар­ма­сы­ның олимпиа­да­лық спорт түрлері бөлі­мінің басшысы Саят Сарқытов, Nomad MMA феде­рациясының президенті Гаджи Гаджиев, «Дара» дарындыларды қол­­­дау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев сөз алып, қатысушыларға сәт­ті­лік ті­ле­ді.

Үміткерлер жасы мен салмағына қарай 9 санатқа бөлініп, өзара мық­ты­ны анық­тады. Дода қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 65 және 80 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен 38 жастағы Мадиар Байзақов пен 19 жастағы Нұрбатыр Құдайбердиев кермеге 35 рет тартылып, рекорд жасады. Сонымен қатар Алишер Сыдықбаев, Бекберген Кенжебаев, Ислам Усма­нов, Асқар Сейдахмет, Мерхат Тал­ғатұлы, Ғалым Жылқыбеков, Әділет Мақсұтов өз санатында жеңіс­ке же­тіп, 200 мың теңгенің сертификатын еншіледі.

Күміс пен қола жүлдегерлер 100 және 50 мың теңгенің сертификатын иеленді. Ең кіші және үлкен қаты­су­шылар да марапаттан тыс қалмады. Фестивальдың ең жас қатысушысы – 7 жасар Егор Горяев, ең үлкені – 63 жастағы қатысушы Әбдуәли Тас­та­нов болды. Сондай-ақ кермеге 5 рет тартылған 13 жастағы Лашын Мырзақұл мен 13 рет тартылған 12 жас­тағы Арина Уткинаны да айта кет­ке­німіз жөн.

Tartyl Fest-те бақ сынаған жігіттер кермеге жалпы саны  4 731 тартылды. Айта кетейік, әр салмақ бойынша жеңімпаз атанғандар қыркүйек айында өтетін фестивальдың финалдық кезеңіне жолдама алды.

 

ТАЛДЫҚОРҒАН