• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Шілде, 2022

Елордада ATP 500 турнирі өтеді

265 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 1-9 қазан аралығында алғаш рет Astana Open ATP 500 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстанда мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл ATP-ның China Open жарысын Бейжіңнен елордаға ауыстыру туралы шешімінен кейін мүмкін болды. ATP 500 «Үлкен дулыға» және ATP Masters 1000 додаларынан кейінгі үшінші деңгейдегі жарыс болып есептеледі. Ойындар Есіл жағасындағы көрікті жерге орын тепкен Ұлттық теннис орталығының корттарында болады.

«АTP-ның Қазақстанға осындай деңгейдегі жарысты өткізуді сеніп тапсырғанына қуаныштымын. Бұл елімізде теннисті дамыту үшін әлемдік озық тәжірибені пайдаланудағы бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді», деді Қазақстан теннис федерациясының президенті, Халықаралық теннис федерациясының (ITF) вице-президенті Болат Өтемұратов.

Айта кетейік, Astana Open-ге әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кіретін спортшылар қатысады. Соның ішінде әлемнің 1-ракеткасы, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, ресейлік Даниил Медведев бар.