• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2022

Өскеменде жол апатынан бір адам көз жұмды

199 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында соқтығысқан екі жүк көлігіндегі бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы қала іргесіндегі айналма жолда болған.

«ГАЗ 330210» маркалы жүк көлігінің 62 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, алдында келе жатқан «ГАЗ 53Б» көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ГАЗ 330210» көлігіндегі 36 жастағы жолаушы жәдел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сол көліктегі жүргізуші мен 15 жастағы екінші жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.