• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын 1 Мамыр мерекесімен құттықтады

420 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңының мінбесіне көтерілген Президент Нұрсұлтан Назарбаев  бірлігі жарасқан қазақстандықтарды 1 Мамыр мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде: «Бүгін ұлық мереке. Жарқыраған көктемде халқымыздың бірлігі мерекесін атап өтеміз. «Бірлік» деген ұлы сөз. Егер де отбасында бірлік болмаса, ерлі-зайыптылар ажырасып тынады, егер де зауыт, фабрика, компанияда бірлік болмаса, кәспорын банкрот болып құриды. Егер де мемлекеттің ішінде бірлік болмаса, әр өңір әр жаққа тартатын болса, онда мемлекет күйрейді», – деді. Бірліксіз ешқандай береке болмайтынын, ынтымағы жоқ елдің төбесінен қара бұлт кетпейтінін айта келе: «Ең алдымен, аңсап жеткен тәуелсіздігімізді сақтап қалу халықтың бірлігіне байланысты. Көпэтносты ел болғаннан кейін, барлық халықтарды ұйымдастыру маңызды. Бірлік арқылы тәуелсіздігімізді сақтап қаламыз, бірлік арқылы мемлекетті нығайтамыз, бірлік арқылы халықтың тұрмысы жақсаратын болады. Халық болашаққа сенімді болады, елімізде тыныштық пен келісім болады», – деген Нұрсұлтан Назарбаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, әрбір отбасыға амандық, бақ-береке тіледі. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: Azglobus.net.