• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Астанадағы «Атамекен» кешенінде қайырымдылық-патриоттық акциясы өткізілді

261 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Бүгін Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластыра «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Ұлт байлығы – ұлы бірлік» қайырымдылық-патриоттық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz хабарлады. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені ғылыми мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Батырхан Жұмабаев: «Бүгін біз халықаралық мұражайлар одағы және  «7 арнамен» бірлесе патриоттық акция ұйымдастырдық. Өздеріңіз білетіндей, 1 мамыр атаулы күндердің бірі, Қазақстан халқының достығы күні, осы акция арқылы жастардың, өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятпақпыз», – деді. Бұл акцияға көрнекті қоғам қайраткерлері, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жазушы Дария Жолмағанбетова және халықаралық джиу-джитсу федерациясының президенті Анатолий Ким қатысты. Іс-шара барысында «Үздiк Гид – 2014» байқауының жеңімпаздары жарияланады. Осы шарада елімізге танымал бірқатар әншілер өнер көрсетті. Жолдыбай Базар. Дереккөз: astana.kz. Фото: gazeta.kz.