• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Ақтөбеде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы қымбаттады

240 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 1 мамыр. Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көліктерде жол жүру бағасы бүгіннен бастап қымбаттады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Үлкен және орташа сыйымдылықтағы автобустарда жолақы бағасы - 55 теңге, ал шағын сыйымдылықтағы автобустардың жолақысы 60 теңге болды. «Автопарк» серіктестігі жол жүру бағасына өзгертулер енгізу туралы мәселені былтырдан бері көтерген. «Емшан» компаниясының басшысы Мейіржан Өндіргеновтің айтуынша, қалалық әкімдікте жаңа жолақы бағасы биыл бекітіліпті. Жолақының жаңа тарифі «Автопарк» мекемесіне алдағы уақытта экологиялық қауіпсіздігі жағынан талаптарға толық жауап беретін отандық, сондай-ақ, шетелдерден шығарылған жаңа автобустарды сатып алуға, тұрақты жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мұның тағы бір жағы, ол осы саладағы кәсіби мамандардың қатарын толықтыру үшін еңбекақы көлемін өсіруге, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңартуға, диагностикалық жабдықтар мен станоктар, басқа да өндіріске қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға көмектесуге тиіс. Сатыбалды Сәуірбай. Дереккөз: egemen.kz. Фото: auto.headline.kz.