• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Шілде, 2022

Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

259 рет
көрсетілді

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 19-шақырымында Toyota Prada және ВАЗ көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.