Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бір апта ішінде 3 265 қылмыс жасалды. Оның 2 053 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 12 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 39 тонау және 475 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын «ізін суытпай» ашты», деді Ақтоты Боранова ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.