• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2014

Футбол. Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры ойналды

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының 9-турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турда 2 ойынның нәтижесі 1:0 болып аяқталды. Таразда жергілікті «Тараз» Талдықорғанның «Жетісуын», Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» Алматының «Қайратын» осындай шағын есеппен тізе бүктірді. Ойындарда голдарды тараздық Алексей Щеткин (90-минут) мен ақтөбелік Марат Хайруллин (25-минут) салды. Тағы екі кездесуде 1:1 деген есеп тіркелді. Ол «Спартак» (Семей) – «Қайсар» (Қызылорда), «Атырау» - «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасында жасалды. Семейде 57-минуттан бастап 20 минут бойы қонақтар басым болып тұрды. Голдарды меймандардан Сергей Струков, алаң иелерінен Неманья Йованович соқты. Ал Атырауда қонақтар 18-минутта алға шықты (Артем Касьянов). Мұнда тура 10 минуттан кейін есеп теңесті (Милош Трифунович). Турда «Шахтер» (Қарағанды) – «Астана» арасындағы ойында есеп ашылмады. Мұның есесіне, Павлодарда Қостанайдың «Тобылы» жергілікті «Ертістің» қақпасына жауапсыз үш доп түсірді. Алаң иелерінің қақпасын 10-минутта тулатқан бірінші голдың авторы Нұрбол Жұмасқалиев болса,  бұдан кейін Иржи Еслинек 29 және 53-минуттарда дубль жасады. Қазір «Ақтөбе» 20 ұпаймен топ бастап келеді. Екінші орында – «Астана», үшінші орында «Шахтер» тұр. Келесі турдың ойындары 6 мамыр, сейсенбі күні ойналады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: sports.kz.