Доминикан республикасының оңтүстігінде жантүршігерлік жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Elnacional порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, автобус аралдың оңтүстік жағалаудағы Бани қаласынан шыққан. Жол-көлік оқиғасы Лос-Какаос, Сан-Кристобаль муниципалитетіндегі Херманас Мирабаль көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шыққан, соның салдарынан туристер мінген автобус бірнеше көлікке соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-дан аса адам жарақат алған. Зардап шеккендерді өңірлік клиникалық ауруханаға жеткізген. Туристердің қай елдің азаматтары екені әзірге айтылмады.