• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Шілде, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

164 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 27 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты 12 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, желдің күші 20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болжанады.

Түнде Ақмола облысының батыс бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде 36 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с артады.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с артады.