• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2022

Абай облысында орман аралауға тыйым салынды

547 рет
көрсетілді

Абай облысының тұрғындары орманда серуендей алмауы мүмкін. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағына баруына тыйым салынсын. Бұл бағытта халық арасында түсіндіру жұмысы жүргізілсін. Сондай-ақ орман аумағына кіретін жерлер шлагбауммен жабдықталып, аумақтың периметрі бойынша тәулік бойы патруль ұйымдастырылсын», делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.