• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2022

Кореяның Қазақстандағы әскери атташесі ауысты

240 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов пен Кореяның Қазақстандағы әскери атташесі Сонг Тэгук кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Сонг Тэгук өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Корея Республикасының Қазақстандағы жаңа әскери атташесі Ким Джонг Хені таныстырды.

«С.Тэгук Қазақстан Республикасында әскери атташе қызметін 2019 жылдың ақпан айынан атқарды. Осы кезеңде тараптар әскери ынтымақтастықты дамытуда, оның ішінде әскери білім беру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді», делінген министрлік хабарламасында.