Филиппиннің солтүстігіндегі Лусон аралында болған 7 баллдық жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзала ошағы Тайюм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан.
Филиппин президенті Бонгбонг Маркос дереу аймаққа құтқару топтары мен жедел жәрдемді жіберуді тапсырды.
Елдің Ішкі істер министрлігінің басшысы Бенджамин Абалос жер сілкінісінен төрт адам қаза тауып, 60 адам зардап шеккенін айтты.