Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың екеуі Достық шағын ауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді.
«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға ұстады.
«Сараптама қорытындысына сәйке, жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.