Ресей аумағында баласын сатпақ болған Қазақстан азаматшасы үш жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресейдің Красноярск қаласында «Дидилия» суррогат ана орталығының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, олар жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында 19 нәресте анықталды.
ТАСС мәліметінше, сот Қазақстанның 29 жастағы азаматшасына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Оған жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен үш жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Сот суррогат ана қызметі түрінде жаңа туған нәрестені сатып алу-сату іс жүзінде жүзеге асырылғанын анықтады.
Баланы сатқан әйел 13 мың доллар алған.