Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан «Газель» жанып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, көліктегі газбаллон жабдығы жарылған. Құтқарушылар хабарлағандай, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 шілдеде болған.
«Сағат 15:48-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері хабарлама бойынша шықты. Өрт сөндірушілер келген бойда өрт салдарынан ГБО (газбаллонды жабдық) жарылғаны анықталды. Өрт 16:02-де сөндірілді», делінген ТЖД ақпаратында.
Ведомство оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 адамы мен техника бірлігі жұмылдырылған.