Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысы бойынша филиалының қызметі сөз етілді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтің мәліметінше, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдаймен республика бойынша сақтандырылмаған азаматтардың саны 18,7 пайыз болса, Атырау облысы бойынша 12,8 пайызды құрап отыр.- Жыл басында сақтандырылмаған азаматтар саны 90 898 адам болса, бүгінгі күні 84 517 болып тұр. Жалпы республика бойынша сақтандырылмаған азаматтар санының ең азы біздің өңірімізде. Ең көп сақтандырылмаған азаматтар Құрманғазы, Исатай аудандары және Атырау қаласында болып отыр, - деді Б.Ғазизов.