• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2022

Бірнеше өңірде нөсер жауыннан кейін өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

304 рет
көрсетілді

Төрт облыста қатты жаңбырға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет кәсіпорнының болжамынша, 2022 жылдың 30 шілде мен 1 тамыз аралығында таулы өңірлерде қатты жауын-шашын жауады.

Осыған байланысты Жамбыл, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарының тау және тау етегіндегі аудандарында жаңбыр суы таудан сел болып ағып, өзендерде су деңгейі көтеріледі деген болжам бар.

Қазгидромет өңір тұрғындарына осы үш күн бойы тауға шықпай, барынша абай болу керектігін еске салады.