• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Шілде, 2022

«Құмтөр» алтын кеніші толығымен мемлекет меншігіне өтті

205 рет
көрсетілді

«Құмтөр» алтын кен орнын Қырғызстанның меншігіне беру рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғыз Президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметіне сілтеме жасап.

Таяуда ғана Ұлыбританияда «Құмтөр» кен орнының 100 пайыз Қырғызстан меншігіне өткенін растайтын құжат алмасу процедурасы өтті.

Екіжақты келісімге сәйкес, Қырғызстан 2021 жылдың 15 мамырынан бастап осы кеніште өндірілген бүкіл алтынға иелік етеді. Канадалық «Centerra Gold» компаниясы қырғыз тарапына 11 млн АҚШ доллары көлемінде дивиденд төлейді, сонымен қатар 50 млн АҚШ доллары көлемінде бірреттік төлем жасайды.

Одан бөлек, «Құмтөр» кен орнындағы құны шамамен 53 млн АҚШ долларына жететін рекультивациялық қорды басқару да Қырғызстанның қоластына өтеді.

Айта кетейік, «Centerra Gold» компаниясының қырғыз тарапына қарсы бүкіл сот процестері біткен.

27 шілдеде АҚШ-та өтіп жатқан сот тоқтатылды, ал 28 шілдеде компания Швеция мен Канада сотына берілген арызын қайтып алды