• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Тамыз, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

151 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2, 3 және 4 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қатты нөсерден кейін Солтүстік антициклон ықпал етеді.

«Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі.

«Күндіз батыста +28 +33 градус, оңтүстік-батыста +33 +38 градус, солтүстік-батыста +18 +28 градус. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 градус, елдің оңтүстігінде болса +25 +34 градус болады. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35 градустан +25 +30 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22 градус болады», делінген болжамда.