• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 01 Тамыз, 2022

Жұмбағы мол оссуарий

1368 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде келушілер тарапынан қызығушылық тудыратын жәдігерлер аз емес. Олардың қатарында қыштан жасалған оссуарий деп аталатын киіз үй пішіндес жәдігер де бар. Музейге келушілер жұмбағы мол оссуарий туралы көбірек білуге құштар.

Деректерге сенсек, оссуарий 1950 жылы сол кездегі Жамбыл қаласындағы зоро­астриалық зираттан табыл­ған екен. Қыштан жасалған ыдыс тәрізді жәдігердің  өзі­не тән сыры да жоқ емес. Ашылып жабылатын қақ­пақ­тың тұтқасы қазба жұмыстары кезінде шорт сынған болуы мүмкін. Ал қақпақтың астындағы қаптаманың бетінде тақта орналасқан. Жәдігердің қабырғасында көлденеңінен орналасқан екі адамның бейнесі бар екен.

«Музейге келушілерді бірнеше жәдігер қатты қызықтырады. Олардың қатарында осы оссуарий де бар. Жұрт көбінесе мұның қайдан табылғанын, тарихын сұрап жатады. Мамандар қыштан жасалған бұл жәдігердің тарихын VI-VIII ғасырлармен сабақтастырып жатады. Мұның ішінде адам сүйектері бар», дейді аталған музейдің қызметкері Ұлжан Омарова жәдігер тарихы жайлы пікірін білдіріп.

 

Жамбыл облысы