• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2022

Екібастұзда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

187 рет
көрсетілді

Екібастұзда жол апатынан жүргізуші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы М.Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде күні сағат 20:30-да  «ВАЗ-21099» және «Hyundai Tucson» маркалы автокөліктер соқтығысқан.  

«Салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», деді өңірлік полиция департаменті өкілдері.

Автокөліктер айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.

Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды.